Жаңалықтар


«Қазсушар» РМК Бас директоры Арман Қасенов әріптестерін ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қаңтар 1, 1970
«Қазсушар» РМК Бас директоры Арман Қасенов әріптестерін ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Қазсушар» РМК Бас директоры А. Қасенов бейнеконференция байланысы арқылы Орталық аппарат және филиалдардағы әріптестерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!», - деді А. Қасенов.

Айта кетейік, мереке қарсаңында Павлодар және Қызылорда бөлімше қызметкерлеріне «Құрметті азаматы» табысталып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің бірқатар су шаруашылық қызметкерлері мақтау қағаздары, медальдармен марапатталды.

Үлкен Алматы каналы ресурстарын тиімді пайдалану үшін су тұтыну жоспары жасалады
Қаңтар 1, 1970
Үлкен Алматы каналы ресурстарын тиімді пайдалану үшін су тұтыну жоспары жасалады

Бұл туралы «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалының директоры Серікали Мұқатаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде хабарлады.

Қазақстан мен Ресей Жайық пен Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау мен қалпына келтіру бойынша бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдады
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан мен Ресей Жайық пен Ертіс трансшекаралық өзендерінің экожүйесін сақтау мен қалпына келтіру бойынша бірлескен шаралар Бағдарламасын қабылдады

Бүгін Мәскеу қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласындағы бірқатар стратегиялық маңызды құжаттарға қол қойылды.

Жамбыл облысында су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр
Қаңтар 1, 1970
Жамбыл облысында су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

Жамбыл облысында су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен, су шаруашылығы саласындағы проблемалармен танысу үшін өңірге «Қазсушар» РМК директорының орынбасары Сержан Жұмабеков барды.

Су шаруашылығы нысандарының құрылысы «Еуропа қайта құру және даму» банкінің қаржыландыруымен жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 21,5 млрд теңге қарастырылған, бағдарламаны іске асыру 2017-2023 жылдар аралығына көзделген.

Жұмыс сапары барысында Сержан Жұмабеков әр нысанға жеке-жеке барып көріп, тиісті тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек, Қазсушар басшысының орынбасары кәсіпорынның өңірлік филиалының директоры Қазыбек Бедебаевтың, бөлімдер мен мердігер мекемелер өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізді. Кездесуде мердігер компаниялар құрылыс барысы туралы есеп беріп, нысандар бойынша проблемалық сұрақтарға тоқталды. Сержан Жұмабеков жұмысты тиісті мерзімінде орындап, жоспарды бақылауда ұстауды тапсырды.

«Байзақ, Жуалы, Жамбыл, Қордай және Меркі аудандары аумағында орналасқан 264 су арналары және 46 ұңғыма қалпына келтіріледі. Бүгінгі таңда барлық су нысандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қайта жаңғырту жұмыстарына 21,5 млрд теңге қаржы қарастырылған. Құрылыс аяқталып, нысандар қайта жаңғыртылғаннан кейін облыс аумағында 53,965 мың гектар суармалы жерлер қайта пайдалануға беріледі. Бұл өз кезегінде облысымыздың ауыл шаруашлығы саласының қарқынды дамып, экономикасының өркендеуіне үлкен үлесін қоспақ», – деп атап өтті Сержан Жұмабеков жиналыс барысында.

Экология министрлігі жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидатын ұстанады
Қаңтар 1, 1970
Экология министрлігі жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидатын ұстанады

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев бұл ұстанымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен отырыста айтты. Кездесу экологиялық бақылау, су ресурстары, геология, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Іс-шара тараптардың өзара бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

«Министрлік құрылған күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен төрт алқа өткізді. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспар әзірленді және іске асырылуда. Сондай-ақ, жемқорлық тәуекелдерінің картасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Жемқорлық тәуекелдерінің картасы Президент Әкімшілігіне де ұсынылды», – деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.

Отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы Министрліктің барлық комитеттерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының бейінді басқармаларының басшылары қатысты.

Сондай-ақ, кездесу барысында Агенттіктің су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде бұрын жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауларына қатысты жұмыс нәтижелері қаралды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету көрсеткішін 88%-ға дейін жеткізуге және Агенттіктің ұсынымдарын орындауда айтарлықтай прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Министрлік басшылығының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіндегі ұстанымы атап өтілді.

Айта кетейік, ЭГТРМ Агенттікпен бірлесіп өткен жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосты. Қазіргі таңда Министрліктің өңірлік мекемелерінде жобалық кеңсенің 17 филиалы жұмыс істейді.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мониторингтік тобының өкілдері мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс тобының, жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссияның, тәртіптік комиссияның құрамына кіреді. Біздің бастамамыз бойынша Агенттік Министрлік комитеттерінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Сондай-ақ, тәуекелдерді жою бойынша шаралар жоспары қабылданды», – деді министр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жүргізіліп жатқан жұмыста ашықтық деңгейін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Табиғи байлықты сақтау және көбейту – біздің халық пен ұрпақтар алдындағы киелі міндетіміз. Бұл жолда сізге ашықтық, айқындылық және қолжетімділік демеу болады. Осы қағидаларды ұстану жаңа көзқарастағы басшыларды анықтайды. Осы орайда министрге алғысымды білдіремін. Орталық мемлекеттік органдарға бойында әділдік пен адалдық қасиеттері басым жас басшылардың келуі қуантады. БАҚ-пен, азаматтық белсенділермен өзара іс-қимылға, цифрлық шешімдерді енгізуге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген кешенді тәсіл ғана жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың тамырын кесуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Агенттік төрағасы.

Сонымен қатар, ол алдын алу мен ағарту шаралары жемқорлықты тежейтін факторлар екенін атап өтті.

«Заңнамалық олқылықтарға, себептер мен жағдайларға, тәуекелдерге, әкімшілік кедергілер мен бюрократияға жол бермеу керек. Сыбайлас жемқорлықты біз белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғаммен ғана жеңе аламыз. Сондай-ақ, білім беру, тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды», – деп баса айтты Алик Шпекбаев.

«Біздің Министрлік сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидаттарын басшылыққа алады. Азаматтардың барлық өтініштері мен сауалдарына уақытылы жауап беру мәселесі ерекше бақылауда. Жемқорлықтың алдын алу жөніндегі міндеттерді іске асыруды күшейту және заңнама нормаларының орындалуын, бірінші кезекте, өзінен және одан кейін барлық қызметкерлерден талап ету қажет», – деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.

Қызылорда облысында тағы бір су қоймасы салынады
Қаңтар 1, 1970
Қызылорда облысында тағы бір су қоймасы салынады

Қызылорда облысындағы Қараөзек ауылында су қоймасы салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында өткен тікелей эфирдегі сұхбатта «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов мәлімдеді.

«Қараөзек ауылында тағы бір жаңа су қоймасы салынады. Жобалық сметалық құжат биыл сараптамаға беріледі. Келер жылы қаржы мәселесі шешілуі  тиіс», – деп атап өтті Хамит Биімбетов.

Сонымен қатар ол Қызылорда су торабындағы жөндеу жұмыстары туралы да айтты.

«Қызылорда су торабын жөндеуге 2020 жылға 481 млн теңге, 2021 жылға 1 млрд 420 мың теңге, 2022 жылға 709 млн теңге қарастырылған. Сол жақ магистраль каналында бетон жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы барлық жұмыс бітуі тиіс. Аталған су торабы 1956 жылы пайдалануға берілсе, бұған дейін кешенді жөндеуден өтпеген еді. Бұдан бөлек Айтек, Жиделі су қоймалары жөнделуде. Олардың жұмысы 2020 жылдың соңына дейін аяқталады. Жиделі желтоқсанның басында іске қосылады»,- деді филиал басшысы.

Сұхбат барысында вегетациялық кезеңнің аяқталуы сөз болды.

«Биыл вегетациялық кезең басында Көксарай контррегуляторына 3 млрд-тың орнына 2 млрд текше метр су жиналып, 1 млрд текше метр жетпей дихандар аздап қиналды. Бірақ әкімдік  күріш егу мекемелерімен бірге 300 км ішкі каналдарды тазалады. Біз 61 км магистральді каналдарды тазаладық. 90 мың гектар күріш егілсе, соның бәріне кезекпен бекітілген кесте бойынша үлестіре отырып, су жеткізе алдық», – деді Хамит Биімбетов.

Айта кетейік, Қызылорда облысындағы биылғы вегетациялық кезеңде барлық күріш алқаптары суармалы сумен қамтылды.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Қаңтар 1, 1970
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР
Бүгін "Қазсушар" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалының директоры Хамит Биімбетов тікелей эфирде облыста істеліп жатқан жұмыстарға қатысты сұрақтарға жауап береді.
Сырдария, Айтек, Жиделі су тораптарының жөндеу жұмыстары туралы және суару кезеңінің қалай өткендігі жөнінде баяндайды.

Тікелей эфирді

https://www.facebook.com/EcologyofKazakhstan

сілтемесі арқылы көріп, сұрақтарыңызды қоя аласыздар.




#жолдау2020 #экологияминистрлігі #қазақстанэкологиясы #қоршағанортанықорғау #қызылорда #қазсушар #суресурстары
Қазсушар бастамасымен Павлодар облысында тағы бір су тазалау станциясы іске қосылды
Қаңтар 1, 1970
Қазсушар бастамасымен Павлодар облысында тағы бір су тазалау станциясы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК бастамасымен Павлодар облысының Май ауданында жергілікті топтық су құбырын реконструкциялау жобасы жүзеге асты. Нәтижесінде 11 мың адам тұратын 16 елді мекенді  таза ауыз  сумен қамтуға мүмкіндік беретін су тазалау станциясы іске қосылды.

Су құбырының ұзындығы 148,7 шақырымды құрайды. Су көзі – жер асты сулары. Жобалық өнімділігі – тәулігіне 4150 метр куб. Жоба құны 5 млн теңгеден асады.

Май топтық су құбырының реконструкциясы мен су тазарту станциясы іске қосылғаннан кейін аудан тұрғындары тек таза ауыз суға қолжеткізіп қана қойған жоқ, сонымен бірге тұрмыстық қажеттілік пен шаруашылыққа да тазартылған су пайдаланатын болды.

Айта кетейік, жергілікті халықты таза ауыз сумен қамту үшін 2018 жылы Май топтық су құбырын реконструкциялау жұмысы басталды. Реконструкциялау жобасында Ертіс өзені алқабындағы ұзындығы 148,7 км бастағанын қалпына келтіру қарастырылған. Жобаның жүзеге асуы классикалық техникалық су тазалау технологиясымен салыстырғанда шайынды сулардың көлемін азайтуға мүмкіндік берді.По инициативе РГП «Казводхоз» Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в Майском районе Павлодарской области реализован проект по реконструкции местного группового водопровода. В результате была запущена станция по очистке воды, что позволило обеспечить качественной питьевой водой 16 сел с населением 11 тысяч человек.

Протяженность водопровода составляет 148,7 км, источником водоснабжения являются подземные воды. Проектная производительность - 4150 м3/сут. Стоимость проекта составила более 5 млн. тенге.

После реконструкции Майского группового водопровода и запуска станции по очистке воды, население района получило не только качественную питьевую воду, но и очищенную воду для хозяйственно-бытовых целей.

Отметим, для обеспечения населения района чистой питьевой водой в 2018 году были начаты работы по реконструкции Майского группового водопровода. Проектом реконструкции предусматривалось восстановление водозабора на пойме реки Иртыш с укладкой трубопровода общей протяженностью 148,7 км. Реализация проекта позволила снизить количество промывных вод в сравнении с классической технологией очистки.

Астана су қоймасы көктемгі су тасқыны маусымына дайын
Қаңтар 1, 1970
Астана су қоймасы көктемгі су тасқыны маусымына дайын

Есіл өзенінің арнасында орналасқан Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен оған жақын орналасқан елді мекендерді (Аршалы, Арнасай, Шөптікөл, Ижевский) сумен қамтамасыз ететін Астана су қоймасының сыйымдылығы – 410,90 млн текше метрді құрайды. Төменге су тастау мүмкіншілігі секундына 1910 текше метр. Қазіргі уақытта су қоймасында 328 текше метр көлемінде су бар. Бұл туралы су қоймасын тілшілерге көрсеткен «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының директоры Уәли Дәлі айтты.

 

Оның сөзінше, су қоймасы 2021 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын. Дегенмен тиімді шараларды талап ететін мәселелер де бар. Пайдалануға берілгеніне 50 жыл болды десек, су қоймасы үшін бұл көп уақыт. Сондықтан техникалық эксперттік тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлінуі қажет.

«Жібек жолы ауылы, 42-разъезд аумағында және Целиноград ауданының Талапкер ауылынан Максимовка ауылына дейінгі Есіл өзені арнасының су өткізу қабілеті есепке алмай салынған өткелдер мен біраз жерлерде өзен табанының өсіп кетуі себеп. Сондықтан ең басты мәселе жергілікті атқару органдары өткелдерді су өткізуге қабілетті деңгейде қайтадан салып, арнаны қажетті жерлерде балшық-лайдан тазалап тереңдетулері және өсіп кеткен қамысты, ағаш тамырларын алып тастауы қажет», – деді Уәли Дәлі.

Су тасқыны кезеңінде су қоймасына жеткілікті су көлемін (410,9 текше метр) жинау, артық суды төменгі арнаға жіберу және ішінара төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Қазсушардың Ақмола филиалы «Қазгидрометтің» берген мәліметтері бойынша Есіл бассейндік су инспекциясының бекітуімен қалаға су жіберудің болжамды кестесін жасап, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен келісіледі.

«Астана су арнасы» мекемесі Нұр-Сұлтан қаласы үшін жылына 80-90 млн текше метр көлемінде су алады. Ал Аршалы ауданындағы бірнеше ауылға айына 10-15 мың текше метр су беріледі. Сонымен бірге Елордадағы Есіл өзенінің деңгейін ұстап тұру және тазалығын сақтау үшін су жіберіледі», – деп түсіндірді филиал басшысы.

Айта кетейік, «Қазсушар» РКМ Ақмола облыстық филиалы балансында 7 су қоймасы бар. Олар – Астана, Есіл, Селеті, Чаглинское және Подлесненское су қоймалары. Елорданы су тасқынынан қорғау үшін 2010 жылы қорғаныс бөгеті салынған.

Қазақстан су дипломатиясы саласындағы жұмысты күшейтті
Қаңтар 1, 1970
Қазақстан су дипломатиясы саласындағы жұмысты күшейтті

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұма күні Сенатта «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен оларды шешу перспективалары» тақырыбындағы Үкімет сағатында сөз сөйледі.

Министр өткен жылғы парламенттік тыңдауда берілген 19 сенатордың 10 ұсынысын орындағанын атап өтті. Тағы 9-ы іске асырудың ұзақ мерзімді сипатына байланысты орындалуда.

Ұсынымдар блогының бірі трансшекаралық ынтымақтастыққа қатысты болды.

«Су дипломатиясы қажет екенін түсіне отырып, бұл бағыттағы жұмыс күшейтілді», – деді М.Мырзағалиев Үкімет сағатында.

Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі –трансшекаралық, соның салдарынан Қазақстан едәуір дәрежеде шектес елдердің: Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының су шаруашылығы саясатына байланысты.

ҚХР-мен су қатынастарында бүгінгі таңда трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі келісімнің болмауы негізгі проблема болып табылады.

Министрдің мәліметінше, келісім бойынша жұмыс 2015 жылдан басталды. Бүгінгі таңда кіріспеден және 31 баптан тұратын бірыңғай құрылым келісілді.

«ҚХР-мен келіссөздер өте күрделі. Қытай шекара маңындағы ешбір елмен су бөлу жөнінде келіссөздер жүргізбейтінін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан ҚХР келіссөздер жүргізіп жатқан алғашқы және жалғыз ел», – деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, Экология министрлігінің басшысы ағымдағы жылы Тоқтоғұл су қоймасынан 330 млн.м3 көлемінде қосымша су ағызуды қамтамасыз ету үшін электр энергиясымен тауар алмасуды жүзеге асыру бойынша қырғыз тарапымен жеке хаттамаға қол қойылғанын хабарлады. Сондай-ақ, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасында Бакри Точик су қоймасының жұмыс тәртібі және Достық каналы арқылы су беру туралы үшжақты хаттамаға қол қойылды. «Қабылданған шаралардың арқасында вегетациялық кезеңде Түркістан облысының Жетісу және Мақтаарал аудандарының суармалы суға қажеттілігі толық көлемде қанағаттандырылды», – деді министр.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Өзбекстанмен айтарлықтай жұмыс жүргізілді.

Осы жылдың жазында су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша проблемалық мәселелердің барлық спектрін қамтитын, оларды шешу мерзімдерін белгілей отырып, Жол картасына қол қойылды. Қол қойылған Жол картасы шеңберінде 1991 жылдан кейін салынған және қайта жаңартылған су шаруашылығы құрылыстарын бірлесіп тексеру жүргізілді. Бұл бұрын су балансында ескерілмеген су қоймаларын анықтау үшін жасалды.

Сондай-ақ трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару, пайдалану және қорғау туралы келісім жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда тараптар келісім мәтінін 80%-ға мақұлдады. «Келіссөздер процесі жалғасуда. Келісімге сәтті қол қою болашақта Өзбекстан аумағында орналасқан негізгі су шаруашылығы учаскелерінде су ресурстарын бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Қараша айының соңында мемлекетаралық арналар арқылы Қазақстан тарапына су беру кестесін сақтамау мәселесін талқылау үшін қырғыз тарапымен кездесу өткізіледі.








Managed by Immediate XRise